деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Полицияға белгісіз біреу қоңырау шалып, Реймонд және Рут Гидің үйінен мылтық дауысы естілгенін хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер бір отбасының бес мүшесінің - ерлі-зайыпты Реймонд және Рут Гидің, сондай-ақ олардың екі ұлы мен бір қызының өлі денелерін тапқан. Тағы бір бала - 3 жасар қыз бала аман қалған, қазір ол ауруханада.
Көршілер бұл отбасын баршаға ұнайтын кішіпейіл, қарапайым жақсы жандар деп айтып отыр. Қылмыстың себебі мен оны жасағандар әзірге белгісіз.