Әбу Гейттің мәлімдемесін оның қорғаушысы Нью-Йорк федералдық сотына жеткізді. Прокуратура оны 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілерін ақтады және террористердің жаңа шабуылы жөнінде мәлімдеме жасады деп айыптап отыр.
Әбу Гейт 2 ақпан күні Анкараның қонақүйлерінің бірінде ұсталды. Оны құрықтауға Түркияның барлаушылары мен АҚШ-тың Орталық барлау қызметі (ОБҚ) бірлесіп ат салысты. АҚШ үкіметі оған «Әл-Каида» жөнінде сауал қоймақ болып жатқанда, Түркия әбу Гейтті американдықтарға беруден бас тартып, оны босатып жіберді. Алайда көп ұзамай ОБҚ Иорданияда бен Ладеннің күйеу баласын қайтып ұстады.