GasBuddy мәліметінше, ел бойынша бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,05 долларға жеткен.
GasBuddy мұнай бағасын талдау бөлімінің басшысы Патрик Де Хаанның айтуынша, 12 тамыздан кейін бұған дейінгі жылдардың ешқайсысында ел бойынша орташа көрсеткіш «галлонына 4 доллардан жоғары көтерілмеген».
Ал Америкалық автомобиль қауымдастығының дерегіне сәйкес, сәрсенбі күні елдегі бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,03 доллар болды.
АҚШ-та бензин бағасының ең жоғары орташа көрсеткіші 2022 жылы 14 маусымда тіркелген. Сол кезде бір галлон бензиннің бағасы 5,01 долларға жетіп, тарихи рекорд орнаған. Бұл көрсеткіш бұрынғы демократ-президент Джо Байденнің тұсында тіркелді.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та бензин бағасы сәуір айында Ирандағы әскери қақтығыс басталғалы бері 30%-дан астам өскенін хабарлағанбыз.