АҚШ-та бейсбол стадионы өртеніп, көрермендер қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Cincinnati Reds командасының стадионы Бейсболдың Бас лигасы (ББЛ) чемпионатының San Francisco Giants командасымен ойыны кезінде өртене бастаған. Бұл туралы USA Today басылымына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Стадионның декоративтік құбырларының бірі жалынға оранды. Оның қасында болған көрермендер қауіпсіз жерге шығарылған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жиырма минуттан кейін жетіп, көп ұзамай өрттің шығу ошағын жойған. Өрттің шығуына не себеп болғаны туралы әзірге белгісіз болып қалып отыр.