АҚШ-та бидай фьючерсі 4,4 пайызға өсіп, алдағы қыркүйек айында жеткізілетін астықтың бағасы 1 бушель үшін (27 келі) 8,21 доллардан асып түсті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Азиялық сауда нарықтарында да бидай фьючерстері 4,8 пайызға көтеріліп отыр.
Кеше, тамыздың 5-інде РФ премьері Владимир Путин, құрғақшылыққа байланысты Ресей Үкіметінің астық пен одан өндірілетін тауарлардың экспортына уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдағанын мәлім еткен болатын. В.Путин, Ресейдің қоры жеткілікті екенін, дегенмен «азық-түліктің ішкі бағасының өсуіне жол бермеу, мал басын сақтау, келесі жылдың қорын жасау» қажеттілігін баса айтып өтті.
Ресей астық одағының бағалауынша, 2011-2011 жылғы маусымда (шілде айынан келесі шілде айына дейінгі аралықта) Ресейдің астық экспорты 20 миллиондай тоннаны құрауы керек болатын.