Небраска штатында жүргізілген халық санағы осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Оған қоса, Элси ауылдағы ең білімді, ең құрметті және жалғызбасты кейуана болып табылады. Қалай дейсіздер ғой?! Эйлер ханым - Монови ауылының жалғыз ғана тұрғыны екен, сондықтан да ол кез-келген статистикалық анықтамаға енгізіле берген. Санақтың қорытындысы бойынша, Монови АҚШ-тағы бір ғана тұрғыны бар жалғыз деревня екен.
2000 жылы жүргізілген халық санағының дерегі бойынша, Моновиде екі адам ғана тіркелген екен, бірақ осыдан 6 жыл бұрын Элси ханымның отағасы дүниеден озған. Содан бері кейуана ауылда жалғыз тұрып келеді. «Өкінішке қарай, біздегі демографиялық жағдай өте мүшкіл. Соңғы санақтан бері ауыл тұрғындарының саны екі есеге қысқарды», - дейді кейуана әзілдеп. «Ал шынына келсек, мен өзім саналы түрде осында қалдым. Бұл жер менің үйім, менің отаным», - дейді ол.
Элси ханымның Моновиде өз бизнесі - отағасы екеуі осыдан 40 жыл бұрын сатып алған тавернасы бар. Сол тавернаға келетін тұрақты және кездейсоқ қонақтарға қызмет көрсетеді. Кейуана Моновидің өңір картасынан алып тасталынғанын қаламайды, сондықтан да барлық қажетті құжаттарды өзіне ресімдеп қойған. Яғни, жергілікті әкімшіліктің хатшысы да, есепшісі де, деревня басшысы да, тіпті жергілікті кеңестің жетекшісі де - Элси Эйлер.