Хелен мен Лес бір күнде - 1918 жылғы 31 желтоқсанда дүние есігін ашыпты. Болашақ ерлі зайыптылар мектепте оқып жүрген кездерінен бір-біріне ғашық болған көрінеді, биыл олар үйленгендеріне 75 жыл толған мерейтойын атап өткен еді.
16 шілдеде қатерлі ісіктен Хелен қайтыс болды, ал келесі күні - Паркинсон сырқатынан Лес көз жұмды.
«Біздің ата-анамызда нағыз махаббат болды. Олар 75 жыл бойы әр күні бірге болды», дейді олардың үлкен ұлы Лес Браун. Олар 18 жасында ата-аналарының қарсылығына қарамастан үйден қашып кетіп, отау тіккен.