Телеарна мәліметінше, оқиға жұма күні кешке орын алған. Ұшақ Гейнсвилл штатындағы әуежайдан ұшып шығып, Дейтона-Бич қаласына (Флорида штаты) бағыт алған. Тергеушілердің мәліметінше, әуе кемесі аттану орнына жақын жердегі жыраға құлады.
Гейнсвилдің өрт сөндірушілері оқиға орнына бірінші келіп, онда қаза таптқан үш адамның денесін анықтады. Сондай-ақ өрт болу қаупіне байланысты ұшақ құлаған жердің маңындағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.