American Airlines әуе компаниясының ұшағы Сан-Францискодан Нью-Иоркке ұшқан болатын. Канзас-Ситиге мәжбүрлі түрде қонғаннан соң 227 жолаушы ұшақтан шығарылып, лайнер ішінде мұқият тінту жасалған. Полицейлер бұдан басқа ешқандай күмәнді зат таппаған.
Осыдан кейін Федералдық тергеу бюросы қызметкерлері жолашылардың әрқайсымен әңгімелесіп, бортта қандай да бір күмәнді зат көрген-көрмегендерн сұрастырды.
NBC-дің хабарлауынша, шұғыл түрде қонуға себепші құрылғы, шын мәнісінде флешкаға ұқсас бейне камера болып шыққан.
Канзас-сити әуежайының өкілдері мұқият тінту жұмыстары 2001 жылғы 11 қыркүйекте орын алған лаңкестік әрекетінен соң қауіпсіздіктің жаңа амалдары мен терроризмге қарсы күрес шараларының жүргізілуімен түсіндірді.