АҚШ-та «Болашақ» стипендиаттарының балалары дзюдодан «алтын» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 жастағы Әлихан Қанат пен 9 жастағы Жан Темірбек Американың Калифорния штатында өткен «Nanka Spring Tournament 2018» дзюдо жарысынан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас спортшылар Лос-Анджелеске «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиясымен оқып жатқан ата-аналарымен бірге барған. Құрама Штаттарда болған 2 жылдың ішінде балалар түрлі біріншіліктерде 40-тан астам медаль жеңіп алған. Олар ағылшын тілін жетік меңгерген, жергілікті мектепте білім алуда және LA Tenri Judo мектебінде дзюдомен айналысады.