Тель-Авивтен Лос-Анджелеске (Калифорния штаты) ұшқан Boeing-777 әуе кемесінің ұшқышы құрылғылардың бірінен оң жақ қозғалтқышты өрт шалғанын көрсететін белгіні көргенде, қону шешімін қабылдады. Ұшақ қонғаннан кейін әуежай қызметкерлері оны қарап шықты, бірақ ешқандай өртену белгілерін тапқан жоқ.
Ұшақтың бортында 279 жолаушы мен экипаждың 20 мүшесі болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Әуе кемесінің құрылғыларын техникалық мамандар тексеруде, деп жазады ТАСС.