Бұған дейін қаза болған екі адам туралы хабарланған болатын.
Қалалық полиция комиссары Эд Дэвистің айтуынша, терактіні жасауда күдіктілер әлі жоқ. «Түсініктер алынып жатқан адамдар ғана бар. Біз мұны істегендерді табу үшін әрбір тасты қопаратын боламыз», - деді ол.
Еске салайық, жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат үш шамасында Бостон марафоны өтіп жатқан кезде арасына 12 секунд салып екі жарылыс болды, 141 адам зардап шекті. АҚШ билігі жарылыстарды лаңкестік деп атады. Бостон полициясының контртеррористік құрылымы қалада іске қосылмаған тағы бес жарылғыш затты тапты, олар залалсыздандырылды.
АҚШ құқық қорғау органдарының өкілдері бомбалардың қуаты аз болғандығын мәлім етті. Онымен қоса, жарылыстар орнында жоғары сапалы жарылғыш заттардың іздері табылмады, бұл құрылғының қолдан жасалғандығын көрсетуі мүмкін.
АҚШ Президенті Барак Обама терактіден кейін ел халқына шұғыл мәлімдеме жасады. Ол жарылыстардың ұйымдастырушыларын тауып, жазаға тартуға уәде етті. Президент сондай-ақ бүтін ел бойынша қауіпсіздікті күшейтуге тапсырма берді.
Тексеруді АҚШ Федералдық тергеу бюросы жүргізетін болады.