Қалалық сотты алқа билерді іріктеу өтеді деп күтілуде. Олардың алдында 20 жасар Тәжаяқовтың тағдырын шешу міндеті тұр. Американдық сот тәжірибесіне сәйкес, 12 негізгі және бірнеше қосалқы алқа билерді жинау керек. Прокурорлар мен адвокаттар 7 шілде күні кіріспе сөздерін сөйлейді. Тәжаяқов пен Қадырбаевтың адвокаттары БАҚ-та үнемі есімдері Жоһар Царнаевпен бірге аталған күдіктілерге қарсы қасақана әркет етпейтін алқа билерді таңдау өте қиын болады деп болжауда. Өткен аптада белгілі болғандай, Тәжаяқов өзінің кінәлі емес екенін айтып, тергеушілермен ымыраласудан бас тартты. Естеріңізде болса , сот оған өз айыбын мойнына алса, жазасын жеңілдетуді уәде еткен еді. «Бірақ ол өзінің кінәлі емес екенін біледі. Сондықтан ешкіммен ымыраласпайды», - деп мәлімдеді айыпталушының қорғаушысы Мэттью Майерс. Тажаяқовқа қарсы сотта Қадырбаевтың танысы Баян Күмісқали жауап бермек. Ол ФБР агенттері Белфорд қаласында Қадырбаев пен Тажаяқовтың пәтерін тінтіген кезде бірге болған. Күмісқали сотта жауап берсе, кез келген айыптан босатылатынына кепілдік берілді.
10:23, 30 Маусым 2014
АҚШ-та Бостондағы лаңкестік бойынша қазақстандық студентке қатысты сот басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та бүгін 2013 жылдың сәуірінде Бостонда орын алған террорлық актіні тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот басталды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.