АҚШ-та бүлдіршін балабақшаға оқталған тапаншамен келген
09:21, 27 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та бүлдіршін балабақшаға оқталған тапаншамен келген. Оқиға Питтсбургтың (Пенсильвания штаты) маңындағы Аликуиппа қаласында болған, деп хабарлады Lenta.ru.
Бала 22 калибрлі тапаншаны рюкзагына салып өзімен бірге балабақшаға әкелген. Баланың жасы анықталмады. Қару туралы тәрбиешілер өзге балалардан естіген. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақыртылды. Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, бала атыс ұйымдастыруды жоспарламаған.