Джанелл Джонс автодәмханасынан тамақ сатып алмақ болған. Көлігімен тағамды сататын жерге келіп бургер мен сусынға тапсырыс берген. Дорбаның бетін ашып көрместен ала салып, ол ары қарай жол тартқан. Кейін тамақтанбақ болғанда Джонс дорбадан 2,6 мың долларды көрген.
Ақша арнайы конвертте болғанына қарағанда, қызметкерлер оны банкке тапсыруға дайындаған көрінеді. Күйеуімен ақылдасқан әйел ақшаны Burger King-ке қайтаруды ұйғарған.
Burger King мейрамханасында да мұндай жағдай болғанын растады, алайда ақша дорбаның ішіне қалай түскенін түсіндірмеді. Ақшаны қайтарған әйел бес рет тегін тамақтану мүмкіндігіне ие болды.