АҚШ-та бұрғылау қондырғылары санының артуы аясында мұнай құны төмендеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Baker Hughes мұнай-газ сервистік компаниясының АҚШ-та бұрғылау қондырғылары санының артуы туралы деректері негізінде дүйсенбіде мұнайға әлемдік баға түсе бастады.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 08.20-да Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының қарашадағы фьючерстерінің құны      1,42% -ға -барреліне 47,34 долларға түсті.     WTI  маркалы мұнайға қазандағы фьючерстер құны   1,59%-ға - барреліне  45,15 долларға дейін төмендеді, деп хабарлады   РИА Новости.

Жұмада жарияланған  9 қыркүйекте аяқталған жұмыс аптасында Baker Hughes деректері бойынша    АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны       11 бірлікке,  немесе  508 бірлікке дейін 2,21%-ға артқан.   Жылдық мәнде көрсеткіш  340 бірлікке, немесе    40,09%-ға қысқарды.

Бұл ретте мұнай бұрғылау қондырғыларының саны 7 бірлікке немесе 414-ке дейін 1,71%-ға артты. Газ өндіру қондырғыларының саны 4 бірлікке немесе 4,54%-ды құрап, 92 бірлікті құрады. Деректер нарықта ұсыныстың көп болуы салдарынан жағдайдың нашарлауынан қауіптенген инвесторларға кері әсер тигізді.

 «Нарықта бұрынғыша запас көп. Бұл одан әрі бағаның төмендеуіне алып келуі мүмкін, яғни қайтадан 40 доллар межесіне жетуі ықтимал, - деді Блумберг  агенттігіне Сиднейдегі CMC Markets бас нарық талдаушысы  Рик Спунер (Ric Spooner).