тағы да 164 жылға түрмеге отырғызуға үкім шығарды, деп хабарлайды ВВС-тің орыс қызметі.
Брэдли екі жасар қыз дәрігердің «денесін ауыртқаны» туралы шағымданған кейін 2009 жылы тұтқындалған болатын. Сәби өзіне дәрігердің не жасағанын нақты айтып бергесін ғана мәселенің мән-жайы түсінікті болды. Бұған дейін ол полицияның назарына күдік туғызып екі рет іліккен болатын, алайда түрлі айла-шарғымен құтылып кетті.
Брэдлидің тұратын мекен-жайына тінту жүргізген кезде, полицейлер зорлық-зомбылыққа толы бірнеше бейнетаспа жазбасын тапты. Тергеу оның жалпы саны 103 балаға азғындық жасағанын анықтады.