АҚШ-та Эбола безгегін жұқтырған адам анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ аумағында Эбола безгегін жұқтырған бірінші адам тіркелді. Техас штатындағы аурудан әлемді алаңдатқан безгекті жұқтырғаны туралы диагноз расталды, деп хабарлады ВВС.

Ер адам Далластағы жұқпалы аурулар оқшаулағышына жатқызылды. Дәрігерлердің болжамы бойынша, ол Либерияға барғанында індетті жұқтырған. Алайда, оның ауруы АҚШ-қа келгенде шығып, анықталып отыр. Батыс Африкада Эбола індетінен 3000 мыңға жуық адам көз жұмды.