Лотереяның ресми өкілдері мәлім еткендей, бұл ұтыстаРед Бад қаласының зейнеткерлері, ерлі-зайыпты Мэрл мен Патрисия Батлердің бағы жанды.
Сәрсенбі күні олар тиесілі 158 млн. доллар джекпотын алуға лотереяның кеңсесіне келген. Салықты алып тастағанда бұл сома 110 млн. долларды құрайды.
41 жыл отасқан Батлерлер отбасы олжалы билетті 30 мамырда 3 долларға үйдің жанында орналасқан "Мотомарт" дүкенінен сатып алған. Сол күні лотереяның джекпоты 640 млн. долларға жетті. Билетті сатқан дүкен 10 мың доллар көлемінде комиссиялық төлемге ие болады.