Ямхилл округінің шериф кеңсесінің мәліметі бойынша, оқиға Макминнвилль муниципалды әуежайының маңында болды. Тікұшақтардың бортында болған үш адам да мерт болды.
Қаза тапқандардың техастық ұшу нұсқаушысы, Ұлыбританиядан келген пилот-курсант және Орегон штатының Ньюберг қаласынан келген ұшқыш екені белгілі болды.
АҚШ Федералды авиация әкімшілігі бортында бір адам болған Robinson R22 тікұшағы мен екі адам мінген Airbus H125 тікұшақтары соқтығысқанын хабарлады.
Оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл ақпаратты Kazinform үшін серіктес агенттік Синьхуа ұсынды.
Бұған дейін Үндістанның солтүстігінде алты адам мінген тікұшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған едік