АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысты
АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Нью-Джерси штатының Хаммонтон қаласында екі тікұшақ апатынан бір адам қаза тауып, екінші ұшқыш ауыр жарақат алды, деп хабарлайды NBC News.
Хаммонтон муниципалдық билігі өкілінің айтуынша, полицияға екі тікұшақтың соқтығысуы туралы қоңыраулар сағат 11:25-те түскен. Апат салдарынан екі ұшақ та құлап, біреуі өртенген.
Апаттан бір адам қаза тапты, ал тағы біреуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Тұрғындардың бірі спортзалдан шығып бара жатқанда кенеттен көлік апатына ұқсас қатты жарылыстың дыбысын естігенін айтты. Ол екі тікұшақтың бір орында айналып ұшып, биіктікті тез жоғалтып жатқанын көрді.
Азаматтық авиация федералдық басқармасының мәліметінше, Хаммонтон әуежайының маңында «Enstrom F-28A» және «Enstrom 280C» тікұшақтары әуеде соқтығысқан. Әуе кемелерінің әрқайсысында тек ұшқыштар болған. Көліктегі қауіпсіздік Ұлттық кеңесінің басшылығымен тергеу амалдары басталды.
Сәуір айында Нью-Йорк қаласының көрікті жерлерін аралау кезінде тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, бір отбасы мен ұшқыш қаза тапқанын жазған болатынбыз.