Ұйымдастырушылардың болжамынша, бір ғана Вашингтонда наразылық шараларының ошағында жарты миллион адам ереуілге шығуы мүмкін. Бұл ертеректе болжанғаннан екі есеге көп. Лос-Анджелес көшелерінде де жергілікті полиция 750 мың адамның шеруге шыққанын хабарлады. Тағы 500 мың адам Нью-Йоркта қарсылық танытты.
Полиция тарапынан расталмаған дерек бойынша, Чикагода 150 мыңға жуық адам наразылық шеруіне шыққан. Бостондағы наразы халық саны да сол шамалас. Сонымен бірге Майами, Денвер, Сиэтл, Филадельфияда жаппай көтерілістер болған.
Маршқа қатысқан америкалықтарға Берлин, Париж, Рим, Вена, Женева, Амстердам, Найроби, Сидней, Мельбурн, Токио, Хельсинки қалалары қолдау білдірді. «Әйелдер маршы» тіпті Антарктидада болған.