АҚШ-та екі жасар бала 11 жастағы әпкесін атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкадағы Филадельфия қаласында (Пенсильвания штаты) екі жасар бүлдіршін байқамай он бір жастағы әпкесін тапаншамен атып салды.

Бұл туралы қалалық полицияның өкілдері хабарлады.

Олардың сөзіне қарағанда, ер бала ата-анасының бөлмесінен оқталған тапанша тауып алып,онымен әпкесін атқан. Оқ қыздың кеудесіне тиген. Ол ауруханаға жеткізілген, алайда оны аман алып қалу қолдан келмеді. Полицияның хабарлауынша, осы оқиға орын алған кезде балалардың анасы үйде болған. Ол бірнеше минутқа басқа бөлмеге кетіп, балаларды қараусыз қалдырған. Сол уақытта осы қайғылы оқиға болған. Белгілі болғандай, тапаншаны үйге отбасының досы әкелген.

Әзірге осы істе ешқандай айыптаулар тағылған жоқ. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аталған жағдайды қайғылы оқиға деп санайтын болуы керек.