АҚШ-та екі жасар бала өз анасын абайсызда атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Айдахо штатының солтүстігіндегі Хейден қаласында екі жасар бала абайсызда өз анасын атып өлтірді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Оқиға қала дүкендерінің бірінде орын алған. Сәби әйелдің сөмкесінде жатқан тапаншаны алып шығып, шүріппесіне басып қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйелдің қаруды ұстауға арнайы рұқсаты болған.

Полицейлерде болған оқиғаның дүкенде орнатылған бақылау таспаларының көмегімен алынған бейнежазбасы бар.