Сайыс жеңімпазы болып Орешек лақап аты бар 2 жастағы америкалық ит танылды. Ол өрттің салдарынан ұсқынсыз болып қалған екен. Иттің көздері жабылмайды, жүндері әр жеріне бір шыққан және аузын жаба алмайды.
Алайда, иттің иесі Линданың сөзіне қарағанда, ол өзінің итін қандай болса да жақсы көреді екен. Ал жүлдеден түскен бір жарым мың долларды Линда сайысқа қатысқан, бірақ жүлде ала алмаған иттерді емдеуге жұмсамақшы.