Ер адам отбасымен жағажайда демалып жатып, балық ауламақшы болады. Оның айтуынша, балық қармаққа ілмек суға түсісімен бірден іліккен.
«Балға-балық аулаймыз деп ойламадық, қармақты лақтырған кезде, оған не ілігетінін ешкім де білмейді», - деді ол.
Ерекше балықты демалушылардың барлығы келіп тамашалады. Жолы болғыш балықшы біраздан соң олжасын қайта мұхитқа жіберді.