Бортта бір ұшқыш болған, оның жағдайы әзірге белгісіз.
«Оқиға болған сәтте ұшақ бортында бір ұшқыш болған және ол жоспарлы жаттығуды орындап жатқан болатын», - делінген Штаттың ұлттық гвардиясының Facebook -тегі ресми парақшасындағы мәлімдемеде.
Оқиға орнында апаттан құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Келеңсіз жағдайдың себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.