АҚШ-та ғаламшардың ең кәрі тұрғыны 117 жасында көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламшардағы ең ұзақ жасаған адам болып есептелетін Сюзанна Мушатт Джонс қайтыс болды. АҚШ-та тұратын афроамерикандық әйел 116 жыл және 10 ай жасаған.

Геронтологиямен шұғылданатын зерттеу командасының өкілі Роберт Янгтвң айтуынша, Джонс Бруклинде орналасқан қарттар үйінде өмірден озған. Қайтыс боларының алдында ол оншақты күн ауырған, деп хабарлайды Daily Journal.

Джонс 1899 жылғы 6 шілдеде Алабама штатында дүниеге келген. Ал 1923 жылы Нью-Йоркке көшіп келіп, бала күтуші болып жұмыс істеген. Өзінде бала болмаған.