Соңғы жылдары Райд ұйқы безінің қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Ол 61 жасқа келген шағында бақилық болды.
Салли Райд 1951 жылы 26 мамырда Калифорнияда дүниеге келді, физика мамандығы бойынша Стэнфорд университетін тәмамдады. Ол NASA бағдарламасына 1977 жылы қосылды.
NASA-ғы өзінің қызметі барысында Райд ғарыш миссиясына 2 рет - 1983 және 1986 жылдары қатысты. Жалпы алғанда ғарыш кеңістігінде 350 сағат өткізген. Райд 1987 жылы ғарыш агенттігіндегі жұмысынан кетті.