АҚШ-та газ қоймасы өртеніп, 4 мың адам эвакуацияланды
18:36, 19 Қазан 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Сан-Францискодан 70 шақырымдау жердегі шағын Уэст-Питтсбург қалашығында газ қоймасы отқа орандыі. Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап Postimees басылымы хабарлайды.
Сарапшылардың болжауынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан қурап тұрған шөп тұтанған. Өрттің шығуының себебі - сол.
Сәрсенбі күні кешкісін қаланың тұтас бір ауданындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарушылар 1400 үйді аралап, 4 мың адамды эвакуациялаған.
Таңға жуық өрт сөндірілген.
Әзірше өрттің шығуына нақты не себеп болғаны немесе одан келген залал туралы мардымды ақпарат жарияланған жоқ.