Мысалы, ebay.com сайтында Головкиннің қолтаңбасы бар былғары қолғап 68 АҚШ долларынан бастап, 499 доллар аралығында сатылып жатыр. Ал шапан болса 449 долларға бағаланған. Ал Головкиннің жекпе-жегінің ерекше бейнеленген суреттер 250 долларға бағаланып отыр. Барлығы 280-нен астам жарнама салынған. Сондай-ақ жарнамаға берілген заттардың басым бөлігінде Головкиннің дәл осы затқа қолтаңбасын қойып жатқан сәті де көрсетілген.