АҚШ-та Головкин-Уэйд жекпе-жегі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек басталды.Айта кетейік, Головкин-Уэйд бокс кеші АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтуде.

Жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Жерлесіміз кәсіпқой бокста өткізген 34 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтап отыр, оның 31-і - нокаут. Доминик Уэйдпен жекпе-жек GGG үшін қатарынан 16-шы рет чемпиондық белдікті қорғау болмақ. Уэйд болса, кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Олардың ішінде 12 кездесуді Уэйд нокаутпен аяқтаған.