АҚШ-та Grammy музыкалық сыйлығына номинанттар аталды

Фото:
НЬЮ ЙОРК. ҚазАқпарат – Үміткерлер барлығы 91 номинация бойынша ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Тізімнің алғашқы орнында 9 категория бойынша ұсынылған Бейонсе тұр. Кендрик Ламар – сегіз, Адель жеті санат бойынша ұсынылды.

65-ші Грэмми марапаттау рәсімі 2023 жылдың 5 ақпанында Лос-Анджелесте (Калифорния) өтеді.
«Жыл жазбасы»
• ABBA - Don't Shut Me Down
• Адель - Easy On Me
• Бейонсе - BREAK MY SOUL
• Мэри Джей Блайдж - Good Morning Gorgeous
• Брэнди Карлайл - You And Me On The Rock
• Доджа Кэт - Woman
• Лиззо - About Damn Time
• Стив Лейси - Bad Habit
• Кендрик Ламар - The Heart Part 5
• Гарри Стайлс - As It Was

«Жыл альбомы»
• ABBA - Voyage
• Адель - 30
• Бейонсе - RENAISSANCE
• Мэри Джей Блайдж - Good Morning Gorgeous (Deluxe)
• Брэнди Карлайл - In These Silent Days
• Кендрик Ламар - Mr. Morale & The Big Steppers
• Лиззо - Harry's House
• Гарри Стайлс - Special
• Бэд Банни - Un Verano Sin Ti
• Coldplay - Music Of The Spheres.
Еске салайық, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) әнші Saint Jhn-ның «Roses» композициясына жазған ремиксі 2021 жылы Grammy музыкалық сыйлығын жеңіп алған болатын.


Фото: tass.ru


Соңғы жаңалықтар