Портал әкімшілігінің ресми өкілдері хабарлағандай, киберқылмыскерлер жексенбі күні АҚШ тұрғындарына Эбола вирусының тарағаны жайлы жалған қысқа хабарламалар таратқан. «Эбола вирусының Атлантада таралған. Осы дертті жұқтырған дәрігерлер Африкадан келгеннен бастап инфекцияны 145 адам жұқтырған», - деген хакерлер.
Олардың жариялаған хабарламалары бірден интернет-басылымдарға тарап кеткен. Кейін интернет-порталдың әкімшілігі ресми түрде олардың атынан басқа біреулердің кіргенін, ал эпидемия басталғаны туралы жаңалықтың жалған екенін жариялады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, осы күні қауіпті вирустан көз жұмғандары саны 961 адамға жеткен. Ал оны жұқтырғандар саны - 1779 адам.