09:33, 11 Маусым 2009
АҚШ-та Холокост мұражайында оқ атылды
ВАШИНГТОН. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Вашингтондағы Холокост мұражайына винтовкамен қаруланған ер азамат кіріп кетіп, күзетшілерге оқ атқан.
Атыстың салдарынан күзетшілердің бірі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Шабуылдаушы да жараланған. Қазір ол азаматтың ауыр жағдайда екені ғана мәлім, деп хабарлайды Associated Press.АҚШ президенті Барак Обама мұражайдағы бұл оқиғаға алаңдаушылық білдірді. Қылмыскердің тұлғасы анықталып отыр. Колумбия Федералды округі полициясының мәліметі бойынша, ол әсіреоңшыл ұйымдарға деген ықыласымен құқық қорғау органдарына бұрыннан таныс 88 жастағы Джеймс фон Брунн деген азамат болып шықты. 1983 жылы Дж.фон Брунн АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің директорлар кеңесінің мүшелерін кепілдікке алмақ болған талпынысы үшін сотталған болатын. Ол сондай-ақ антисемиттік сайт ашып, неонацистік мазмұндағы кітап жазған.