АҚШ-та иесінің көлігін жүргізген чихуахуа иті жол апатына ұшырады

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Ер адам итін көлікке қамап, өзі жанар-жағармай стансасындағы дүкенге кеткен. Сол уақытта оның иті басқа көлікті соққан, деп жазады lifenews.ru.

Бір қарағанда, 20 сантиметрден аспайтын ит көлік айдай алатындай болып көрінбейді. Алайда ол Toyota автокөлігін жүргізіп кеткен.

Күлкілі оқиға АҚШ-тың солтүстік-батысында Спокан қаласында болды. Ер адам жануарды көлікке қамап кеткен. Мартинес дүкенде кезекте тұрғанда, белгісіз біреу келіп, оның көлігін біреудің айдап әкеткенін хабарлаған. Мұны естіген ол кейін қарай жүгіріп, көлікті өзінің чихуахуасы айдап әкеткенін көрген.

Ит алысқа ұзай алмады. Бірнеше метр жүргеннен кейін, «Тойота» басқа көлікпен соғылды. Ешкім зардап шеккен жоқ, алайда Мартинеске зақым келген көлік үшін оның иесіне шығынды өтеуге тура келеді.