«Кілтімді алу үшін сәл еңкейдім, бір уақытта жарылған дауыс естідім. Қалтам түтіндеп кетті», - дейді АҚШ-тың Нью-Джерси штаты тұрғыны Эрик Джонсон. Ол бірден ауруханаға жеткізіліп, оның 2-3 деңгейді күйік шалғаны анықталды. Айта кетелік, мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ. Негізінен осыған ұқсас жағдайда көбіне оқиға себебін Қытайда шығатын арзан аккумулятор батареяларынан көріп жатады. Бұл жолы зардап шегуші тек, түпнұсқаны ғана пайдаланатынын айтып, Apple компаниясын сотқа бермек.
21:30, 02 Наурыз 2015
АҚШ-та iPhone жарылып, телефон иесі күйіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ азаматының қалтасындағы «iPhone 5C» телефоны жарылып, күйіп қалды, деп хабарлады Утро.ру «CNET»-ке сілтеме жасай отырып.