АҚШ-та ипотекалық мөлшерлеме соңғы үш айдағы ең жоғары деңгейге жетті

Фото: Фото: Анадолы

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — АҚШ-та ұзақмерзімді ипотекалық несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 6 базистік пунктке өсіп, жылдық 6,92%-ды құрады. Бұл туралы АҚШ-тың Ипотекалық банкирлер қауымдастығы (MBA) өзінің апталық есебінде хабарлады, деп жазды Анадолы.

Аталған көрсеткіш 2024 жылдың ақпан айының ортасынан бергі ең жоғары деңгей болып отыр.

Ипотека алуға берілген өтініштер саны бір апта ішінде 5,1%-ға азайған.

Тұрғын үй сатып алу мен бұрынғы несиелерді қайта қаржыландыруға арналған өтініштер 5%-ға төмендеген.

30 жылдық тұрақты мөлшерлемелі ипотека бойынша орташа пайыз 6,86%-дан 6,92%-ға өскен.
Ал 15 жылдық ипотека бойынша мөлшерлеме 6,12%-дан 6,21%-ға дейін көтерілген.

Айта кетейік, биткоин бағасы алғаш рет $111 мыңнан асты.