Алайда, америкалық мамандар бұл мәселені шешкен тәрізді,
АҚШ-та алғаш рет иттерге арналған телеарна ашылып отыр. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Мал дәрігерлерінің айтуынша, әрбір ит адаммен қатынасуды қажет етеді. Ал, оның жетіспеушілігі кейбір жануарларды күйзеліске ұшыратады екен. Енді, мінеки, «ДогТВ» арнасы пайда болды. Телеарнаны жасаушылар иттерге қызық болсын деп оны түрлі-түсті етіпті. Алдағы уақытта осындай арна Жапония, Ұлыбритания мен Еуропаның да бірқатар елінде ашылмақ, деп хабарлайды Baq.kz порталы.