Қаза болғандар 6 қаңтар күні кешкісін рейстен кейінгі техникалық тексеру кезінде табылған, оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған.
Құқық қорғау органдары Броуард округінің медициналық сараптама кеңсесі екі адамның өлімінің себептерін анықтау үшін аутопсия жүргізетінін айтқан.
Бұл соңғы айлардағы болған бірінші жағдай емес. CNN хабарына сәйкес, екі апта бұрын Чикагодан Гавайиге ұшатын United Airlines ұшағының шассиінен де мәйіт табылған.
Айта кетейік, АҚШ-тағы боран салдарынан 46 әуежайда рейстер кешігуі мүмкін.
Калифорнияда ұшақ ғимаратқа құлады: екі адам қаза тапты.
Сондай-ақ Ақтау түбінде құлаған әзербайжандық ұшақтың эксклюзивті суреттері жарияланғанын жазған едік.