АҚШ-та кабриолет жүргізушісі 22 адамды қақты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Chevrolet SSR маркілі кабриолет 22 адамды қағып, оның 9-ы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды USA Today жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Вирджиния штатында Мартинсвилл қаласындағы көлік тұрақтарының бірінің маңында Nascar автожарысынан кейін болды, деп хабарлады құқық қорғау органының қызметкерлері.

Полицияның мәліметтері бойынша, Chevrolet SSR көлігінің жүргізушісі көліктердің сапымен жүріп келе жатқан, бір уақытта ол алдында келе жатқан жол талғамайтын көлікті басып озбақ болады. Сол сәтте өзге көлікпен соғысып, кабриолет жолда кетіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді соғады.

Куәгерлердің бірі кабриолеттің 6-7 адамды бірден қағып, біреуін басып өтіп кеткендігін айтады, деп жазды rbk.ru.

Жол-көлік апатына ұшырағандардың ешқайсысы қаза болған жоқ. Жүргізугі ішімдік ішпеген. Дегенмен, осы іс бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Биылғы жылдың мамыр айында Оңтүстік Техаста (АҚШ) Мексикамен шекарадағы жол бойында автобус аударылып қалды. Осы оқиғаның салдарынан 8 адам мерт болып, 44 адам зардап шекті.