Телекомпанияның мәліметі бойынша, қалың қар салдарынан 6 мыңға жуық ішкі және халықаралық рейстер кешіктіріліп жатыр. Америкалық Delta Air Lines әуекомпаниясының ұшақтарының бірі Баффало қаласы (Нью-Йорк штаты) әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетуіне қолайсыз ауа-райы себеп болған. Метеорологтардың болжамынша, қолайсыз ауа-райы бүгін де сақталуы тиіс.
«Сенбі күні Оңтүстік Дакота штатында шағын ұшақ құлап, ұшқыш пен екі бала қаза тапқан. Айдахо-Фоллз (Айдахо штаты) қаласына бағыт алған әуе кемесі Чемберлен әуежайынан ұшқаннан кейін бірнеше уақыттан соң құлаған. Оның да қолайсыз ауа райы себепші болуы мүмкін», делінген хабарламада.