Табиғи апаттан Чикаго, Бостон, Мемфис пен Нэшвилле әуежайлары зардап шекті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Боран АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен орталық батысындағы ауданда күшейіп тұр.
Ал аталған елдің шығыс жағалауында суық ауа райы жылымыққа ауысты. Атап айтсақ, Нью-Йорк пен Нью-Джерсиде жаңбыр аралас қар жауып тұр. Ауа райының қолайсыздығынан Джон Кеннеди атындағы әуежай бірнеше сағатқа жабылды.