оқиға салдарынан 5 адам қаза болды, 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Питтсбургтың шетіндегі Great Southern сауда орталығында орналасқан L.A. Fitness спорттық клубында болған. Қолына үлкен спорттық сөмке ұстаған орта жастағы ақ нәсілді ер азамат латын биі сабағы өтіп жатқан сыныпқа кіреді де, жан-жағына қарап алып, жарықты сөндіреді, сөйтеді де оқ атады. Бұл туралы куәгерлер айтып отыр. Оқиға кезінде залда 30 шақты әйел болған.
Қылмыскердің қолға түскен-түспегені туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.