Сан-Антонио полициясының дерегінше, оқиға ландшафт материалдарын сату компаниясында болған. Шабуылдаушы үш әріптесін атып өлтірген, ал зәресі қалмаған өзге қызметкерлер ғимараттан жүгіріп шыққан.
Оқиға орнына келген құқық қорғаушылар бірнеше сағат өткен соң күдіктінің денесін тапты. Ол өз-өзіне қол салған екен. Оның 21 жастағы Хосе Эрнандес Гало есімді азамат екені анықталды.
Билік бұл шабуылдың кездейсоқ болмағанын мәлімдеді, алайда қылмыстың ақ-қарасы әлі де тергеліп жатыр.
Айта кетейік, Францияда полиция пышақпен шабуылдаған адамды атып тастады. Ал Англияда пойызда белгісіз біреу жолаушыларға пышақпен шабуылдап, 10 адам жарақат алған еді.