Вашингтондағы басты оқиғаға Флоридадағы жаппай қырып-жоюда, атыста тірі қалғандар шеруге шықты. Шеруді ұйымдастырушы студенттердің бірі «Революцияға қош келдіңіз» деді.
«Оққа ұшып, көз жұмған жастардың басына гүл қою күнделікті жағдай болып кетті», - деп атап өтті 17 жастағы Эдна Чавес өзінің Лос-Анджелестің оңтүстігіндегі ауданы туралы айта келіп.
Манчестер, Ұлыбритания қалалық университетінің профессоры Г. Кит Стил сенбі күні Вашингтондағы митингке 180 000 адам қатысты деп болжап жасады.
Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио өзінің Twitter-дегі парақшасында шеруге кем дегенде 150 мың адам қатысқанын мәлім етті. «Революцияның қашан басталатынын білулеріңіз керек», - деді ол.
Әлемге әйгілі музыкант Пол Маккартни CNN тілшісіне пиджагын шешіп, «Қарулы зорлық-зомбылықты тоқтата аламыз» (We can end gun violence) деген жазуы бар футболкасын көрсетті.
«Менің ең жақын достарымның бірі осы жерге жақын маңда қарулы зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапты, сондықтан бұл мен үшін маңызды», - деді ол «Битлз» тобындағы жолдасы Джон Леннон туралы айта келіп. Ол 1980 жылы желтоқсанда оққа ұшқан еді.
Айта кетейік, Токио, Рим, Мадрид және Берлиндегі америкалықтар да осы күні шеруге шықты.