АҚШ-та қайтыс болған қазақстандықтың мәйіті елге әкелінді — СІМ

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың денесі елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлім етті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— 25 маусым күні Қазақстан азаматының мәйіті елге жеткізілді. Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз барлық қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, марқұмның денесін отанына тасымалдауға жәрдемдесті, — деді Ерлан Жетібаев.

Айта кетейік, АҚШ-та қазақ азаматы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Ол барлық құжаттары мен ақшасын үйіне қалдырып кеткен.

Сонымен қатар АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқаны расталған еді.