АҚШ-та қазақ диаспорасының бизнес-форумы өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» ҚЕАҚ 2019 жылдың 27 тамызында АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған өңірлік бизнес-форум өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қоры» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Францискоқаласында өтетін бизнес-форум аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.Атап айтқанда, «Отандастар қоры»мен қазақ мәдени-іскерлік үйі жобасының таныстырылымы өтеді. Бұдан бөлек,стартаптардың, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдаутетіктері, соның ішінде Қазақстанменқатар халықаралық нарыққа шығу бойынша ілгерілетудің нақты жолдары мен оғанкөмек көрсету шаралары талқыланады.

«Бизнес-форум өтетін мекен-жай: Сан-Франциско қаласы, 1850 Gateway drive, suite #150, San Mateo,94404. Тіркелу және толық ақпараттыhttps://www.facebook.com/events/731545597284452/ сілтемесі, +7 701 000 1404WhatsApp немесе Telegram нөмірі, komek@oq.gov.kz электрондық пошта немесе Skype арқылы алуғаболады. АҚШ-та тұратын барлық отандастарды кездесуге шақырамыз!»,- делінгенбаспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар