АҚШ-та қазақстандық азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та қазақ азаматы із-түзсіз жоғалып кетті. Ол барлық құжаттары мен ақшасын үйіне қалдырып кеткен. Бұл туралы Threads әлеуметтік желісіне жазды.

Фото: Скрин

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Жергілікті деректерге сәйкес, ер адамның қайда кеткені және қандай жағдайда жоғалып кеткені туралы нақты ақпарат жоқ.

Іздеу жұмыстары мен тергеу шаралары жалғасып жатыр.

— Асет Құралбай АҚШ-та, Иллинойс штатындағы Чикаго маңында (Ford Heights ауданында) тұрып келген. Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап оның телефоны өшірулі.  Үйінде құжаттары мен банк карталары қалған. 10 маусым күні полиция оның Toyota Camry (DP 86722) көлігін тапқан, алайда Асеттің өзі әлі күнге дейін табылған жоқ. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Егер кімде-кім оны көрген болса немесе қандай да бір ақпарат білсе, жақындарына немесе тиісті органдарға хабарласу сұралады, — делінген жазбада.

Айта кетейік, Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз төртінші күн іздестіріліп жатыр.