Жеңілмеген боксшының қарсыласы – 30 жастағы аргентиналық, «Солақай» атанған Николас Атилио Веласкес (11-6, 3 КО).
Жекпе-жек алты раундқа есептелген.
Тәжібайдың салмағы 141,2 фунт, қарсыласы 144,2 фунт шықты. Яғни, екеуі де жартылай орта салмақ санатының шегінен аспаған (147 фунт).
Тәжібай соңғы рет 2018 жылдың 27 қазанында рингке көтерілген. Сол кезде америкалық Хуан Родригесті (8-16-1, 6 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.